Бастауыш сынып мұғалімі Сәлім Ранагүл "Пайдалы қазбалар қалай пайда болады?" (4-сынып)тақырыбында ашық сабақ өтті » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сынып мұғалімі Сәлім Ранагүл "Пайдалы қазбалар қалай пайда болады?" (4-сынып)тақырыбында ашық сабақ өтті
14
ақпан
2020

Бастауыш сынып мұғалімі Сәлім Ранагүл "Пайдалы қазбалар қалай пайда болады?" (4-сынып)тақырыбында ашық сабақ өтті


Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен, "Ұстаз деген - ұлы есімге" қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған елдің мұғаліміне қойылатын талаптың жүгі ауыр. Олар білімдар да білікті, өз ісінің майталман шебері болуымен қатар, жеке басының мәдениеті, парасаттылығы, адамгершілік тұлғасы тұрғысында шәкіртке үлгі боларлық биіктен көрінуі шарт. Бүгінгі жас ұстаздар мен білікті ұстаздар тобы арасындағы педагогикалық шеберліктерін сынау сайысына қатысуда. Ұстаз... Ұстаздық – киелі әpi өте қарапайым мамандық. Жер жаһанда адамзат баласы пайда болғаннан бepi әрбір пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан қоғам құрылып жатса да, қажеттігін жоймайтын бip мәселе ол – баланы өмip сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны! Ертеңгі мемлекеттің болмысы – бүгінгі ұстаздың тәлімінде. Мектепішілік "Жыл мұғалімі-2020" байқауының III кезең«Сабағым – кәсіби тұжырымымның айнасы» айдарымен мұғалімнің өзінің   таныстырылымында баяндаған тұжырымдама негізінде өткізілетін сабағы. Осы орайда мектепішілік "Жыл мұғалімі-2020" байқауының ережесіне сәйкес мектебіміз ұстаздары ашық сабақтарын өткізуде. Бастауыш сынып мұғалімі Сәлім Ранагүл "Пайдалы қазбалар қалай пайда болады?" (4-сынып)тақырыбында ашық сабағын жоғары деңгейде өткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: