«Қазақ тілі сабағындағы мәтінмен жұмыстың тиімді жолдары» тақырыбындағы қалалық семинар » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақ тілі сабағындағы мәтінмен жұмыстың тиімді жолдары» тақырыбындағы қалалық семинар
01
наурыз
2024

«Қазақ тілі сабағындағы мәтінмен жұмыстың тиімді жолдары» тақырыбындағы қалалық семинар

01.03.2024ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог зерттеуші Сабирова  Ардақ Куанышбековна «Қазақ тілі сабағындағы мәтінмен жұмыстың тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Семинардың  мақсаты: Қазақ тілі сабағында оқу мақсатына  сай  мәтінмен жұмысты тиімді жүргізу. Семинарға 53 мұғалім қатысты.
Күтілетін  нәтиже:
  Қазақ тілі сабақтарында  мәтіннен негізгі ойды және мәтіннің құрылымдық бөліктерін еркін табады;
 Мәтіннің стильдік және жанрлық ерекшелігіне  сай тілдік бірліктерді орынды қолдану жолдарын зерделейді;
  Мәтін бойынша нақтылау, талқылау, проблемалық сұрақтар құрастырады.
Семинарда  қазақ тіліндегі  мәтінді талдаудың тиімді жолдары оқу мақсатымен  байланыстыра отырып түсіндірілді.   
1. Оқушыға мәтінде берілген ақпаратты түсіну мен мазмұнын меңгерту  үшін «Шолып оқу», «Болжам жасап оқу», «Түртіп оқу», «Көз жүгіртіп оқу» оқылым стратегияларының  тиімділігі мен  маңыздылығы айтылды.
2. Функционалдық сауаттылықты  дамытуда  оқу сауаттылығының маңыздылығы,  қазіргі білім беру саласында  PISA тапсырмаларының  мәтінмен жұмыс  жасауда  кездесетін  қиындықтар туралы  сөз болды.
3. Мәтін талдауда  жанрлық – стильдік ерекшеліктерді  ажыратып, балаға  жеңіл түсіндіру  жолдары  көрсетілді. Публицистикалық және ғылыми стильдің  ерекшеліктері мен ұқсастықтары  жанр бойынша түсіндірілді.
4. Мұғалімнің сұрақ құрастыруда  ескеретін  техникалар  түсіндіріліп, талқылау , проблемалық  сұрақ тың ерекшеліктері  мәтінмен жұмыс  жасай отырып, көрсетілді.
     Семинар соңында  әріптестер «Алдағы жоспарыңызға өзгеріс енгізуге қатысты қандай сұрағыңыз бар?»,   «Алған әсеріңізден қандай шешім шығарасыз?» деген  кері  байланысқа  мәтін талдауды   оқу мақсатымен байланыстыра  жүргізілгені  тиімді болғаны  айтылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: