Ата-аналар жиналысы » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар жиналысы
15
қаңтар
2024

Ата-аналар жиналысы

Алматы қаласы Алатау ауданы № 182 жалпы білім беретін мектепте 11-сынып оқушыларының ата-аналарына жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері де қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша  кіріспе сөзді мектеп директоры А.Нұрғазы алып, мектептің ішкі тынысымен, алдағы ҰБТ міндеттемелерімен таныстырып өтті. Екінші мәселе бойынша ДОІЖО А.К.Сабирова  ІІ тоқсанның үлгерім есебіне тоқталып,  ҰБТ тапсыру ережесін түсіндірді. Үшінші мәселе бойынша «Дарындыға дархан жол» тақырыбында мектебіміздің жетістіктері туралы ДОІЖО Н.Менғали таныстырып өтті. Төртіншінші мәселеде  ҰБТ-2024 бойынша 11-сыныптың сынып  жетекшілері сөз алып, ҰБТ мектептегі дайындықтары туралы есептерін берді. Жиналыс соңында пән мұғалімдері мен ата-аналар арасында  кері байланыс берілді. 
Қаңтар айында тест тапсыратын оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: