21
қараша
2023
«Компьютерлік ойындарға тәуелділік – интернеттегі қауіпсіздік»
21.11.2023ж. күні оқушылар мен жасөспірімдердің интернет-кеңістікте қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне үйрету, интернет тәуелділіктің және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу мақсатында «Компьютерлік ойындарға тәуелділік – интернеттегі қауіпсіздік» тақырыбында ДТІЖО У.Агадилова мен мектеп психологі А.Балтабаева 8-сынып оқушыларына түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндірме жұмысы барысында оқушыларға бейнеролик көрсетіліп, компьютерді шектен тыс пайдаланудың зиянды салдары таныстырылды.
Аталған іс-шараға білім алушылар белсенді ат салысып, өз ойларын еркін жеткізіп, интернеттің кемшіліктері мен артықшылықтары туралы өз пікірлерімен бөлісіп, кері байланыс орнатты.