«Мәңгілік ел - мәңгілік тіл» атты поэзия сағаты » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мәңгілік ел - мәңгілік тіл» атты поэзия сағаты
15
қыркүйек
2023

«Мәңгілік ел - мәңгілік тіл» атты поэзия сағаты

15.09.2023ж. күні   8-10 сыныптар арасында Тілдер мерекесіне орай «Мәңгілік ел- мәңгілік  тіл» атты поэзия сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу. Балалардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту. Ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу.Оқушыларға поэзия   құдіреті арқылы ұлы  халықтың  болмысы мен  бітімінің  ұлылығын  дәріптеу.
Поэзия сағатында оқушылар ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа оқып, кітап көрмесімен танысты. 
    Сайысты ұйымдастырушылар орыс тілі пән мұғалімдері Сарбагысова А., Мырзахметова Б. 
Оқушылар тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту үшін барлық күш жігерлерін салатындықтарын жеткізді. Сайыс соңында оқушылар  марапатталды. Балалар осы сайыс арқылы тіліміздің қаншалықты маңызды екенін, тіліміздің терең екенін, байтақ екенін түсінді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: