«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Мұхтар Әуезов «Қараш-қараш» оқиғасын оқудан байқау өткізілді » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Мұхтар Әуезов «Қараш-қараш» оқиғасын оқудан байқау өткізілді
23
ақпан
2023

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Мұхтар Әуезов «Қараш-қараш» оқиғасын оқудан байқау өткізілді

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Мұхтар Әуезов  «Қараш-қараш»  оқиғасын оқудан байқау өткізілді
Кітап – рухани сарқылмас қазына. Кітап дегенде, әр адамның түсінігі әр түрлі. Мәселен біреулер ермек үшін оқыса, біреулер адам өміріңдегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді. «Білімнің қайнар бұлағы- кітап» деп бекер айтпаған. Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап оқымай өмірді білу,білім алу мүмкін емес шығар. Осы орайда, қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы тұлға болып қалыптасуда рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда талап- талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы-кітап. Осы мақсат аясында №182 жалпы білім беретін мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша Мұхтар Әуезов «Қараш-қараш» оқиғасын оқудан байқау ұйымдастырылды. Кітап оқу байқауына Алғазиева Лаззат, Иманқұлова Ляйля, Борантай Мадина, Ергеш Жәудір, Бөкентай Бағдар, Ташимбаева Асемгүл, Бердіқожа Қаламқас қатысып, тест тапсырмаларын орындап, монолог оқып, мазмұн желісімен жарысқа түсті.
Нәтижесінде:
І орын Алғазиева Лаззат
ІІ орын Иманқұлова Ләйлә, Бердіқожа Қаламқас
ІІІ орын Борантай Мадина, Ергеш Жәудір, Бөкентай Бағдар, Ташимбаева Асемгүл иеленді.
"Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатыр. Бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Олай болса, кітап оқып, рухани азық алудан шаршамайық!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: