Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық Коалицияның форумы » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық Коалицияның форумы
07
қазан
2022

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық Коалицияның форумы

Құрметті достар!
Астанада Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық Коалицияның форумы өтті. Саяси және түрлі бағыттағы қоғамдық ұйымдар Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық Коалицияға бірікті. Бұл тарихи форум. Президентімізді қолдауға көптеген ұйымдардың ниет білдіруі - Мемлекет Басшысының саясатының оң екенін, еліміздің іргесін нығайтып, даму келешегінің айқын бағдарларын анықтайтындығын дәлелдеуде.
AMANAT партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов:
"Біз Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарын қолдаймыз және оның реформаларын әрі қарай ілгерілетуге күш саламыз. Сондықтан, бүгін Халықтық Коалиция Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынады! Бұл таңдау – еліміздің шынайы патриоттарының, Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын миллиондаған азаматтардың таңдауы!" - деп атап өтті
Форумға қатысқан Президентіміз еліміздің даму принциптерін атап өтіп, азаматтардың және мемлекетіміздің мүддесі бәрінен жоғары болатынын айтты.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев:
«Билік пен қоғамның диалогын нығайту үшін ата дәстүрімен Ұлттық құрылтай шақырылды. Оның жұмысына түрлі сала өкілдері белсене қатысты. Әлемді жайлаған коронавирус індетіне бірге қарсы тұрдық. «Қасіретті қаңтар» кезіндегі зор сынақты тұтас ел болып еңсердік.
Биыл Конституцияға өте маңызды өзгерістер енгіздік. Еліміз үшін жарқын келешекке жол аштық. Яғни, қысқа уақытта орасан зор жұмысты бірге атқардық деп сеніммен айтуға болады.
Бірақ, әлі де ауқымды жұмыс атқаруымыз керек, бағындыратын белестеріміз – алда. Қандай қиын болса да, бәріміз бірге оны міндетті түрде абыроймен атқарамыз. Ортақ мақсатқа жетеміз!» - деп нық айтты.
Қазақстанның іргесі берік, келешегі кемел болсын.
#ТоқаевпенБіргеміз
#AMANAT

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: